69
Шымкент қаласында КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған cтенд және оқ атудан ХХIX Халықаралық онлайн-турнирі басталды. Турнир 20-30 қазан аралығында өтеді.
Ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және әлемнің төрт дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан келген 100-ге тарта спортшы қатысты.
Жарыстың мақсаты — елімізде ату спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдау және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Он күнге созылатын турнир — cтенд ату бойынша «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ашық ату алаңында өтсе, оқ ату жарысы Шымкент қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі базасының ату тирінде болады.
Қаладағы ату спортының даму тарихында бұл турнир 29-шы рет өткізіліп, еліміздің тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. 2018 жылдан бері турнир ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.
Бұл жарысқа онлайн түрде әлемнің 20 елінен, атап айтқанда Италия, Армения, Германия, Израиль, Бангладеш, Бутан, Катар, Иран, Ливан, Кувейт, Индонезия, АҚШ, БАӘ, Ресей, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан спортшылар қатысуда.
Оқ ату спорт түрінен Sius Ascor, стенд ату спорт түрінен Multi-Pull, Range Master бағдарламаларын қолданып, электрондық қондырғыларда өтеді.
Сондай-ақ, турнир барысында Олимпиада ойындары мен Азия ойындары, Азия Чемпионаттары және «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.
Айта кетейік, Шымкентке келген барлық спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерден ПТР сынағының теріс нәтижесі бар анықтама алынды. Сонымен қатар, турнир өтіп жатқан спорт ғимараттарында барлық санитарлық нормалар сақталған.
Please follow and like us: