Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

«АҚ ЖОЛДЫҢ» 25 ТОМДЫҒЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

78қаралым
Бүгін 100 жыл бұрын жарыққа шыққан «Ақ жол» газеті 25 томдық кітапқа айналып, құнды қазынаның тұсаукесері өтті. Салтанатты жиын «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында онлайн Zoom форматында өтсе де, тарихи басылым жайлы жан-жақты тың да мағыналы мәліметтер айтылды. Жиынға ҚР ҰҒА академигі,тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді бастаған, профессор Амангелді Айталы қостаған қазақ әдебиеті мен тарихының кіл мықтылары қатысты.
«Ақ жол» газеті — 1920-26 жылдары басылып шыққан және Алаш белсенділері құрған қоғамдық-саяси газет. Бірінші редакторы — Сұлтанбек Қожанов. Газетте Н. Төреқұлов М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, И. Жансүгіров, А. Байтұрсынов және басқа да көптеген қазақ зиялыларының Түркістан, Қазақ АССР өмірі мен оқиғалары туралы материалдары жарияланған. 100 жыл бұрын халқымыз кеңес империясының құрамында болса да, ұлт үшін өзекті мәселелерді көтеріп отырды. Міне, осының бәрі газет бетінде жарық көрді.
Осы газетті жинақтауды қоғам қайраткері Ханбибі Есенқарақызы қолға алды. Енді осындай құнды дүниені оқырман қауымға насихаттай отырып, материалдар жинағын оқылуын насихаттау қажет екені айтпаса да түсінікті.
Ханбибі Есенқарақызы «Ақ жол» газетінің санын, басылымдағы материалдарды жинауға 12 жылдай уақытын арнаған. 6 жылда 613 саны шыққан екен. «Ақ жол» газетінің барлық санын табу үшін қазіргі Қызылорда, Орынбор секілді қалаларға сұрау салып, Мәскеу мен Алматының кітапханасы мен музейінің бәрін аралап шыққан. «Ақ жолдың» 60 пайызын Мәскеуден алдыртқан.
(с) Мөлдір Кенжебай
Фото: Серик Косаев
Please follow and like us: