61
Бүгін Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен IT CAMP жас бағдарламашылар мектебі аясында 200 жасқа арналған оқыту сабақтары ұйымдастырылды.
Жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру және IT саласының дамуына жағдай жасау мақсатында өткізілген жобаға Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. Жоба барысында Жанар Əлібекқызы бұл іс-шараның мақсаты жастар арасында отандық, жергілікті ІТ өнімдерін, жаңа компаниялар мен мамандарды даярлау жəне цифрлық сауаттылықты арттыру екенін атап өтті.
Аталған жоба аясында 200 жас ZOOM платформасы арқылы ІТ саласы бойынша сабақ алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа жобалары мен тың идеяларын ұсынды. Оған қоса, PYTHON бағдарламасы арқылы жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу секілді тәжірибелік сабақтар ұсынылды.
Іс-шара соңында жобаға белсенді қатысқан үздік жастарға қаржылай сыйақы берілді. Бірінші орын иегері 300 000 теңге иеленсе, екінші орын иегеріне 200 000 теңге табысталып, ал үшінші орын иегеріне 100 000 теңге бұйырды.
Айта кетейік, бұл жоба барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталынды.
Please follow and like us: