Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

77қаралым

2020 жылдың 19 қазан күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші органның жаңа мүшелерін: Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Есимов Талғат Абдуманапұлы мен «Темірқазық-Ой» газетінің бас редакторы, заңгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Анара Амангелдіқызы Сүлееваны қабылдады. Кездесу барысында Департамент бастығы Консультативтік-кеңесші органның атқаратын қызметі мен қоғамдағы рөліне тоқталып, алдағы жұмыстарды бірлесіп жандандыру қажеттігін атады.

«Халықтың ішкі істер органы қызметіне сенімін арттыру және Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасын нығайту керек»,- деді Ералы Мұсаәліұлы.

Сонымен қатар консультативтік, әдістемелік және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуде орган тарапынан көмек көрсету қажеттілігін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу арқылы жемқорлықты жоюға күш-жігерді біріктірудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ішкі істер органы қызметінің өзекті мәселелері туралы қалың көпшілікті жан-жақты ақпараттандыру керек екенін атап өтті.
Айта кетейік, аталмыш орган 2018 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Оның құрамында ҚР Ішкі істер Министрлігінің құрметті ардагерлері, қоғам белсенділері мен журналистер, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, партия және тағы да басқа сала өкілдері бар.

 

Please follow and like us: