62
Бүгінде сауда нысандары, қоғамдық орындарда карантиндік талаптардың сақталуына қаншалықты мән берілуде? Сауда нысанының басшылары жауапкершілікті сезініп жүр ме? Шымкент қаласының аудан аумақтарында осы бағытта ақпараттық-түсіндірме жұмыстары және семинар-кеңестер өткізілуде.
Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан базарлар мен сауда үйлері және кәсіпкерлік бағыттағы қызмет көрсететін мекемелерде карантиндік нормалардың сақталуы бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шарада аудан әкімі Бұқарбай Парманов кәсіпкерлік нысан басшыларына адам көп жиналатын орындарда карантин нормаларын сақтау, сатушы азаматтарға және келуші азаматтар мен азаматшаларға қандай талаптар қойылу керек екені туралы жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дезинфекциялық өткелдердің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы керек екені айтылды.
Жалпы бұл бағытта аудандағы «ТҰЛПАР-2030» авто-бөлшек сауда үйі үлгі ретінде көрсетілді.
Please follow and like us: