![](https://ordainfo.kz/wp-content/uploads/2020/10/120714113_2648847102094906_5655930685096930443_n.jpg)
74қаралым
Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын. Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді.
Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Жалпы бағдарламаның мақсаты — тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
Please follow and like us: