Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ — ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТУДЕ

80қаралым

«Айбын — 2020» VІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті.

«Айбын» жиыны – бұл ұлттың қамы, бола­шақтың баянды болуының кепілі. Отанымыз – басты байлығы­мыз. Оны қорғау – әр азаматтың міндеті. Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.

Бүгінгі жиынның басты мақсаты — жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру баспалдақтарына бағыттау еді.

«Айбын» жиынының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, қалалық білім басқармасы басшысы Ж.Арысбекқызы Тәжиева қатысты.

 

 

 

Please follow and like us: