Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЗАН АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

72қаралым

Бүгінде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын алаптарда 4 көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің жылдық есебінде тұрғындар осы мәселе бойынша талап-тілектерін жеткізген еді.
Қазіргі таңда Елтай тұрғын алабындағы көпірдің құрылысы кестеге сай атқарылуда.

Жауапты мердігер мекеме «ЖБИ-С» ЖШС-і құрылысты 31 тамызда бастаған. Жаңа көпірді қазан айының ортасында халық игілігіне беру жоспарлануда. Көпірдің ені – 9 м, ұзындығы – 12 м. Жалпы құрылысқа 15 адам тартылған.

Жалпы биыл Қазығұрт аумағында Маятас, Тоғыс және Елтай тұрғын алапта және Бадам-1 тұрғын алапта көпір құрылыстары басталды.

Please follow and like us: