Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

62қаралым

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтуде. Солардың бірі Асар шағынауданындағы қалалық Жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.

Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударды. Бұл қабылдауды дəрігер Гүлнар Исабаева жүргізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.

Айта кетейік, іс-шараға инфекциялық және провизорлы стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысуда. Оқу-жаттығу жұмыстары 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылуда.

 

Please follow and like us: