«Атқора» көшсе, зато баспаналы болады, мектеп пен аурухана салынады. Жұмыспен қамтуды осы жерден де тапса болады. Көңіл көтеретін емес, халыққа пайдасы тиетін ұсынысты қолдаймын. Көңіл көтеретін, ойын мен кафелер емес денсаулыққа мән беретін, ұрпағымыздың білімді болуына жағдай жасап жатса, қай адам қарсы болады? Халықтан сұрау керек? Қазіргі уақытта не қажетті?
BI групптың жаулары болса да, басқа себеп пе маған «қараңғы». Сарай сауысқаны да емеспін. Мен тек халыққа тиімді де пайдалы ұсынысты қолдап отырмын. Биліктің қолшоқпары болған емеспін, болмаймын да.
Ендеше, талқылап көрейік.
Иә, әкімнің саудаластық деген» үзіндіні» көрдім. Толық жазбаны көріп пікір жазсам деп едім. Алайда, толық нұсқаны таба алмадым. Бәлкім басқаша айтқан да шығар? Ал, кәсіпкер инвестиция құйып жұмыс жасаймын, заманауи тұрғын үй мен аурухана саламын десе неге қолдамасқа? Жер керек пе, халыққа да пайдасы тиетін дүниені жаса деп неге айтпасқа? Атышулы ипподромның жай күйі қандай? Ашылғалы жөндеу көрген бе? Жағдай жасалған ба? Бұл сұрақтардың жауабын тікелей эфирде көрсететін боламын.
Қаланың ортасындағы атқораға жеке өзім қарсымын. Ал, орнына ойын сауық, көңіл көтеретін емес, мектеп, аурухана мен тұрғын үйлердің салынғанын қос қолдап құптаймын.
А. Сулеева.