Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

72қаралым

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысандарның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды.

Солардың бірі — қаланың солтүстік-батыс бөлігі 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді. Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан.

Бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына тапсыру мақсатында қала әкімінің қаулысы әзірленуде.

Please follow and like us: