Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

90қаралым

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов аудан аумағында орналасқан «Алтынтөбе» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалықты аралау барысында аудан әкімі ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдарына мемлекеттен берілетін субсидиялар және мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, отандық өнімдердің бірінші қажеттіліктердің қатарында екенін және мемлекеттің қолдайтындығын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.

Аталған шаруа қожалық қазіргі таңда мал бордақылаумен айналысуда. Шаруа қожалықта асыл тұқымды 75 ірі қара және 60-қа жуық жылқы малы бар.

Сонымен қатар, Б.Парманов «Замира» жылыжай шаруашылығына барып, ондағы өсіріліп жатқан өнімдермен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекет тарапынан субсидияның берілетінін жеткізді. Жылы жайда 2 га қияр, 2,5 га қызанақ өсірілуде. Бүгінгі таңда жылыжай иесі өсірген өнімдерін Шымкент қаласы, Түркістан облысы және басқа да өңірлерге сатуда.

Аудан әкімі сапар соңында «Хабар 24» телеарнасына жалпы Абай ауданы аумағындағы шаруа қожалықтар туралы сұхбат беріп, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер мен бағдарламалардың атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Жалпы Абай ауданында ірілі ұсақты 550-ге жуық шаруа қожалық, 31 га жылыжай шаруашылығы бар.

 

Please follow and like us: