Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

АДАМГЕРШІЛІК ҚАЛМАЙ БАРАДЫ

87қаралым

Адамдарда жүрек жоқ, адамгершілік қалмай барады.

Алған сайын тойымсыздық, ашкөздік дендеп алды.
Үкіметке алақан жайып, жағдайымыз жоқ деп айқаймен не шешеміз деп ойлайды екен? Сол айқайды көрген балалары да «дайын асқа, тік қасық» болуды, масылдық пен жатып ішерді бойына сіңіріп, болашағынан тек «бәлеқорлық» жасап, бәріне қол жеткіземін деген тәрбие қалыптастыратынын ата-ана біле ме? «Тәрбие — тал бесіктен» дегенді қоғамда ұмытқандай … Десек те, сол балалардың әкесі бар емес пе? Күлге аунап таппаған болар? Еркектердің ез болғанын күннен-күнге әйелдер дәлелдеуде. Иә, отбасын жоғары қоятын, өз міндеттеріне адал қарайтын ер азаматтар бар шығар… Бәріне топырақ шашудан аулақпын. Бірақ, мойындау керек, бүгінде әкімдік жағалап жүрген — Аналар, көшеге шығып жағаласып жүрген тағы — Аналар. Үкіметтен талап етіп балаларын сүйреп, қорлық көріп те жүрген, көрсетіп те жүрген — Аналарымыз. Сонда, баланы туды екен, асырауға да міндеттеуді әкелерден сұрау керек. Әкімдік пен биліктен алғаның таусылар, тағы да алақан жайып, билікті жағалауды әдетке айналдырып алмадық па деп бір сәт ойландық па? Жоқ. Олай ойлауды емес, тіпті санамызға сіңіріп, өсіп келе жатқан балаларынан жұмысқа тұрып, еңбектенудің несібесін теруді үйретуіміз керек емес пе?
Осылай кете берсек, болашағымыздан не күтеміз? Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмесек, қандай ұрпақ тәрбиеледім деп өкініш өзекті өртемей ме?
«Ақтөбе мен Астанада, өңірлерде әкімдікке көпбалалы аналар айқай шығарды»–деген жаңалыққа да құлағымыз үйреніп кеткендей… Селт етпейміз. Селт ететіндей жүрек жоқ. Адамгершілік қалмай, саналы ұрпақтан сұрайтындай тәрбиеге мән беріп жатпағанымыз да бүгінгі жастарымыздың көрінісі.
Ұрпағым саналы болсын десек, кешегі Зере анамыз бен Қарашаш аналарымыздың тәлім тәрбиесі керек. Ал, ол қандай тәрбие десеңіздер ол бөлек пост.
Ана деген аяулы, нәзік те ұлы сөзді қадірлейік.

А. Сулеева.

Please follow and like us: