Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ АЗАМАТ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕМЕН ҚҰБЫР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫП АЛДЫ

85қаралым

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылының тұрғыны Рустам Ибадуллаев мемлекеттік бағдарламаның аясында өз кәсібін ашып, ісін дөгелетіп отыр. Ол 2019 жылы жеңілдетілген жолмен несие алып, полиэтиленді құбыр шығаратын цех ашқан. Бүгінде мұнда пластикалық құбырдың 10 түрлі диаметрін шығарып келеді.

«Қазір мұнда 6 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Осы жұмысшылар диаметрі 16-дан 110-ға дейінгі көлемде полиэтиленді құбыр шығарумен айналысады. Мәселен диаметрі 16 милиметрлі құбырдан сағатына 200 метр, ал 110 милиметрлігінен 50 метр өндіреміз. Цех күніне 2,5 тонна жарамсыз полиэтиленді өңдеуге қауқарлы», – деді Рустам Сабырұлы.

Бұл құбырларды негізінен шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатында тамашалатып суару әдісіне кеңінен қолдануда. Кәсіпорын әзірге облысымызды ғана дайын өніммен қамтамасыз етуде. Кәсіпкер алдағы уақытта цехты ұлғайтып, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

 

Please follow and like us: