Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 6 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ

75қаралым

Бұл жөнінде бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

«Ағымдағы жылы 6 көшеге жалпы ұзындығы 2850 метр аяқжол төселген. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үй аулаларына және ішкі орамдық жолдардың бойына аяқжолдар орнату үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 48 көшенің бойына 30 шақырым аяқжол салу қажеттілігі анықталып, тиісті басқармаға ұсыныс жолдадық», — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, биыл аудандағы 47 көшеге ағымдағы жөндеу және 5 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, аудан бойынша 404 көшенің жалпы ұзындығы 282 шақырым. Оның 215 шақырымы асфальт жабынымен қамтамасыз етілген, 55 шақырымы тас жол, қалған 12 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, 72 көшеде ұзындығы 142 шақырымды құрайтын аяқжол төселген. Оның ішінде, 3 шақырым аяқжол қалпына келтіруді және 15 шақырым аяқжол салуды қажет етеді.

 

Please follow and like us: