Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

75қаралым

Шымкент қаласында «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі қараша айында енгізіледі, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ordainfo.kz ақпараттық агенттігі. 

Қаладағы қоғамдық көлік саласын жаңғырту басты назарда. Автобустар паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Уақыт сәтімен, кезең кезеңімен аталған мәселелер шешімін табуда.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі күні құрылғылар тиісті кедендік процедураларын өтіп, ҚР ҰҚК-нен информатикалық қауіпсіздік сертификатын алуда.

Құрылғыларды Шымкент қаласына алып келу, содан соң екі аптаның ішіне құрылғыларды монтаждау және бағдарламаны тексеру, әрі қарай бағдарламаны тесттік режимде тексеріп, бірінші қарашада пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Please follow and like us: