Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

СПОРТ — ЕЛДІҢ МЕРЕЙІН АСЫРЫП, АБЫРОЙЫН АСҚАҚ ЕТЕДІ

95қаралым

Құрметті спортшылар, бапкерлер мен спорт саласының қызметкерлері!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының «Спорт күні», яғни кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Денсаулық – баға жетпес байлық. Сондықтан өмірімізде зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Көп жасау – деннің саулығы, бақытты болу адамның өз қолында.

Бүгін – денсаулық мерекесі, салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді жандарды біріктіретін күн.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, дені сау ұлт ғана бәсекеге қабілетті бола алады.

Спорт — елдің мерейін асырып, абыройын асқақ етер сала!

Келер жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға қаламыздан 4 спортшы жолдама алды. Тағы 20-ға жуық жерлесіміз жолдама үшін таласқа түседі. Тынымсыз еңбек еткен спортшы түбінде жеңіс тұғырынан көрінері анық. Сондықтан спортшыларымызға алдағы спорт бәсекелерінде сәттілік тілеймін!

Шымкенттегі спорт мектептерінің бапкерлері әлемді жайлаған пандемияға қарамастан онлайн режимде тоқтаусыз жұмыс істеп, 16 781 шәкіртке қашықтан жаттығу жұмыстарын жүргізді. Ал, басқарма мамандары қысқа уақытта жеңіл атлетика манежін күндізгі стационарға бейімдеп, жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек еткенін айта кету қажет.

Қадірменді қала тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билік органдарына спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуді тапсырған болатын. Осыған орай мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қаламызда спорт алаңшалары салынып жатыр. Сол себепті, сіздерді салауатты өмір салтын ұстауға, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосуға шақырамын!
Қаламыздағы барша спортшыларды, жаттықтырушылар мен спорт саласы мамандарын бүгінгі төл мерекелерімен тағы да құттықтай отырып, әрқашанда жаңа белестерді бағындырып, жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектестігімді білдіремін.

 

Мұрат ӘЙТЕНОВ
Шымкент қаласының әкімі

 

Please follow and like us: