Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТКЕ СЕНАТОРЛАР МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ

93қаралым

Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті.

Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар жайлы айтып, болашаққа жасалған жоспарларымен бөлісті. Ал Ажар Ғинаят күзгі және қысқы маусымдық инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу, карантиндік шектеулердің алынуы кезіндегі жұмыстарды жүйелеу жөнінде сөз қозғады.

«Егер, күзде індеттің екінші толқыны басталар болса қаладағы барлық медициналық мекемелердің резервінде төсек-орындар мен 2 айлық дәрілік заттар қоры бар. Одан өзге, эпидемиолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният дәрігерлермен онлайн байланысып, пікірлерін тыңдап, жұқпалы індетпен күресте ерлік танытқан әріптестеріне алғыс айтты.

«Шымкент қаласында инфекцияның таралу деңгейі төмендегенін көрдім. Бұл індет тек елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіп болды. Осы тұста аянбай еңбек етіп жатқан баршаңызға министрлік атынан алғысымды білдіремін» — деп атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Шымкентте 14 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 5134, оның ішінде 4285 науқас індетінен жазылған. Провизорлық орталықтарда 2810 төсек-орын бар болса, бүгінде оның 84 пайызы бос. 211 мобильді топ 22 376 науқастың үйіне барып алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 

 

Please follow and like us: