Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

АЖАРЛАНЫП, АБАТТАНҒАН «ЧЕРНОБЫЛЬ» ГҮЛЗАРЫ

124қаралым

Шымқалада сейіл құрып, саялайтын орындар жетерлік. Соңғы жылдары саябақтар мен гүлзарлар жаңа кейіпке еніп, тұрғындардың игілігіне беріліп жатыр.
Қабанбай батыр көшесі бойымен жүрсеңіз «Чернобыль апаты құрбандарына» арналған гүлзарға көзіңіз түсері хақ. Гүлзар 2004 жылы бой көтеріп, теміржол тұрғын ауданы тұрғындарының көз қуанышына айналған еді.

Соңғы жылдары гүлзарды қайта абаттандыру мәселесі күн тәртібінде тұрды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 75 пайыздан астам плиталық төсеніштері жөндеуді қажет ететіні анықталған. Және ескі су бұрқақтың жабындары, темір бүккіштері, жасыл желектерді суғару жүйелерінің жарамсыз болып қалған. Түнгі жарық шамдарының жер асты кабельдері де ескірген.
Демалыс орнының қазіргі кейпі мүлдем бөлек. Ашылғанына 16 жыл болған гүлзар қайта жөндеуден өтіп, таяуда пайдалануға берілді.

Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Қазір бұл маң көпшіліктің бас қосатын жеріне айналды.
Енді жаңа нысанды бүлдірмей, ұқыпты пайдалану тұрғындардың өз қолында. Тәртіп пен тазалық сақтауды ұмытпаса дейміз.

 

 

Please follow and like us: