Естеріңізде болса желі қолданушы Кенже Шымкент қаласындағы көшелерде дезинфекция жүргізіп жүрген сарбазға «су шашып жүрсіңдерме, исі жоқ» деп өзінің бетін дезинфекцияға арналған сұйықтықпен жуынып желіде біраз талқыға түскен болатын. Жергілікті билік өкілдері жылдам түсіндіру мақсатында сұйықтықтың құрамының жасалуы мен қосылатын ерітіндінің мөлшерін тікелей эфирде көрсетіп берген болатын. Ертеңіне баспасөз өкілдерін жинап қоғамға түсіндіру үшін толықтай түсіндірме берді.
Сонымен қатар қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалдарға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов жауап берді.
– Сірке қышқылы қоспасын көп қабатты тұрғын үй аулаларына (1 156 аула) және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы су шашатын құрылғылармен қолданылады. Жұмыс концентрацияларында қолданылатын (0,001–0,03%) НУК ерітінділерінің өткір иісі жоқ, жергілікті тітіркендіргіш, сенсибилизациялайтын және кумулятивті әсері жоқ және тыныс алу органдарына травматикалық әсер етпейді.Яғни сұйылтылған түрінде уыттылығы аз заттар болып табылады. Қазіргі таңда қаланы залалсыздандыру жұмыстарына екі түрлі қоспа қолданылуда. Атап айтқанда, гипохлорид кальций 35% (хлор) және сірке қышқылы (надуксусная кислота). Жоғарыда аталған екі қоспаның да тиісті сараптамалық қорытындысы бар, – деді Б.Малимов.
Яғни, бейнежазбада көрсетілген Еңбекші ауданында әскерилер жасаған дезинфекциялық жұмыстарына сірке қышқылы (надуксусная кислота) қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұның сумен араласқаннан кейін иісі болмайды, түсі де өзгермейді. Адам ағзасына кері әсері жоқ, қоршаған ортаға қауіпті емес. Бір тиімділігі бактерияларды тез арада өлтіреді. Айта кетейік, аталған сұйықтық дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген, арнайы сертификаты бар. Бірақ бейнежазба барысында бұл жөнінде әскерилер дер кезінде жауап бере алмаған.
Әскерилердің бейнежазба авторының сауалдарына жауап бере алмауының себебі олардың құрылғысына сірке қышқылы араластарылған арнайы суды әкеп береді екен.
Жауаптылардың сөзіне сенсек, сірке қышқылын еліміздің өзге де өңірлерінде коронавирусқа қарсы кеңінен қолданып жатыр. Бүгінде нәтижесі де жаман емес.
– Қазіргі таңда Шымкент қаласында індеттің өсу динамикасы төмендеуде. Бұл – атқарылып жатқан санитарлық жұмыстардың нәтижесі. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазба жайында айтсам, залалсыздандыру заттарын қарапайым халық пайдалануға болмайды. Дезинфекциялық заттардың үш түрі болады. Дезинфекция микроорганизімдерге, дезинцекция жәндіктерге және үшінші түрі – дератизация, – деді Ғ.Мотайұлы.
Иә, Шымкенттен басқа жерде де осы сұйықтықты қолданып жатыр екен. Бірақ, 3-ші мегаполистің атын шығару біреуге керек болды ма, әлде шын мәнінде Шымкентте журналистер мен блогерлердің көптігі әсер етті ма әйтеуір желіге шыққан барлық дүниелердің «хитке» айналатыны жасырын емес. Бір ғана айтатын басты мәселе жазба авторы мен қоса журналистер алдында жасалған тәжірибеден ұққанымыз шашылып жүрген сұйықтықтың исі жоқ. Тірі жандарға зияны жоқ, бактериялардың жоюына ғана жасалып отырған залалсаздындыру екенін дәлелдеп берді.
Ендігі жерде көкейдегі сұрақ: егер зияны болмаса неге шашып жүр? Неге маска киіп жүрміз деген сауалдар көбеюде. Желідегі жазбадағы жасаған дезинфекциялық жұмыстарына сірке қышқылы (надуксусная кислота) қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұның сумен араласқаннан кейін иісі болмайды, түсі де өзгермейді. Адам ағзасына кері әсері жоқ, қоршаған ортаға қауіпті емес. Бір тиімділігі бактерияларды тез арада өлтіреді.
Яғни, бактерияның көбейіп кетпес үшін қолданылған дезинфекциялық жұмыстары дұрыс.
А.Амангелді.
(сурет желіден алынды)