Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУ КЕРЕК?

71қаралым

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қатысуымен баспасөз брифинг болып өтті.

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Құрбан шалу жағдайы бар әр мұсылманға уәжіп амал.

— Елдегі енгізілген карантин жағдайына байланысты Құрбан айт намазы оқылмайды, қасапханаларда мал сойылмайды. Бірақ, құрбан шалуға ниетті азаматтар қашықтан құрбан шала алады. Ол үшін азаматтар https://www.muftiyat.kz/…/32262-kmdb-toragasynyn-orynbasar…/ сайтына 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Алайда жергілікті әкімшілік пен санитарлық эпидемиологтардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Карантин талаптарының қатаң түрде сақталуы қадағаланады, — деді бас имам.

Айта кетерлігі құрбан шалған азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін ағайын-туыс, көрші-қолаңға арнап айттық дастархан жаятын.
Ал қашықтан құрбандық шалынған кезде еттің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.
Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарланған болатын.
Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.
Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

 

Please follow and like us: