Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ауыс түйісті бастап жіберді. Кімдер ауысты?

76қаралым

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады.  

А. Мамин Мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап айтты. Денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Барлық осы маңызды міндеттерді іске асыру, әсіресе, пандемия кезінде зор маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

А.ж. наурыз айында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Премьер-Министр сайтынан алынды.

Please follow and like us: