Әлемді жайлаған індетпен күресте бастамашыл топтар қолдарынан келгенше қоғамға пайдасын тигізуде барын салуда. Қоғамда пікір сан жақа бөлініп, билікті кінәлап, дәрінің тапшылығын айтып желіде жарыса жазылып жатты. Әлемжеліде ауруханаға жатқыза алмағандар мен дәріханалардағы ұзын сонар кезектен шаршағандар биліктің араласуын талап ете бастады.
Қоғам белсендісі, журналист Анар Сулеева өзінің фейсбук парақшасында дәріханалардағы дәрі тапшылығы мен бағаның тұрақтануына арнайы рейд ұйымдастыратынын, қоғам белсенділері мен әріптестерін, тіпті әкімдік бірге маман беруін сұрап үндеу жариялады.
Алайда, билік өкілдерінен үн қатпаған соң Сулеева жалғыз дәріхана бағаларын көру мақсатында аралай бастайды.
Барлығы 12-дей дәріхананы аралап тікелей эфирде шынайылықты көрсетуге тырысып баққан. Дәріханаларда пневманияға деген «эуфиллин, дексеметазон, аскорбинка мен мерепенем» дәрілерінің тапшылығы бар екенін жасырмады. Қоғамдағы мәселені шешуде дәріханадағы кезекті болдырмау мақсатында қоғам белсенділері мен журналистерді бақылауды күшейтуге шақырды. Ал, айқайға ұласқан парасетомол мен аспериндер сөрелерде бірді екілі дәріханаларда табылып жатты. Сулеева өзінің бұл бастаманы билікке ұсыныс ретінде бастағанын, дәрі тапшылығы қай дәріханаларда екенін көрсетіп, дәріні дер кезінде жеткізуді ұсыну ниеті ғана екенін айтады. Ерікті Айка Айтаханова да бірге бақылап тікелей эфирді үзбей көрсетіп отырғанын тілге тиек етті.
Бүгінде Шымкент қаласының белсенділері мен маниторинг мүшелері бұл бастаманы қолдап бағаны тұрақтандыру мен тапшылықтың алдын алуда бақылауды бастап кетті.