Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Қазақстандық арнайы бөліністердің командалары БАӘ-ден елге оралды

6қаралым
Халықаралық «UAE SWAT Challenge» жарыстарында мемлекет намысын қорғап, үздік нәтиже көрсетті.
Элиталық турнирдің жүлдегерлері мен қатысушыларын елорда әуежайында жақындары, әріптестері, сондай-ақ күштік құрылымдардың басшылығы салтанатпен қарсы алды.
— Жауынгерлеріміздің жетістігі — бұл жеке жеңістері ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің күштік құрылымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға әрдайым дайын екендіктерін көрсетеді. Сіздер баршаға өз күштеріңізді, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді көрсетіп, әлемдік деңгейде арнайы бөліністердің элитасы арасында еліміздің позициясын нығайттыңыздар, — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Бес күн бойы өткізілген «арнайы жасақ арасындағы олимпиада» әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команданы біріктірді. Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда қатысты.
Please follow and like us: