Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН

90қаралым

Биыл қалада «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде мүгедектігі бар 1 780 тұрғын жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Атап айтқанда, 40 адам жұмыс берушінің сұранысына сәйкес оқытудан өту арқылы жұмыспен қамтылуда, 12 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 61 адам «Жастар практикасына» жолданған. Сондай-ақ 172 адам қоғамдық, 35 адам алғашқы жұмыс орындарына орналастырылды. «Күміс жас» жобасына 46, «Бастау бизнес» жобасына 957 азамат жолданса, мүгедектігі бар 90 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Ал 367 адам бос жұмыс орындарына жолданды.

Сонымен қатар, 2023 жылы қалада мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 50 мекемедегі 227 бос жұмыс орнына квота бөлінген. Бүгінде 35 жұмыс беруші мекемеге 88 азамат жолданды. Еңбекке қабілетті азаматтар квота бойынша жұмысқа орналасу үшін «Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен аудандық «Мансап» орталықтары мамандарына жүгіне алады.

Жыл басынан бері «Еңбек мобильділігі» орталығы ұйымдастырған 5 жәрмеңкеде 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Шара аясында пробациялық бақылаудағы азаматтарды да қоғамға қайта бейімдеп, жұмыспен қамту көзделген. 60-тан аса азамат бос жұмыс орындарында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Please follow and like us: