156
Шымкенттің ұстаздар ұстаханасы атанған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде биыл 1535 түлек жоғары оқу орнын аяқтады. Бүгін «Тарих және педагогика» факультетінің студенттеріне диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. 313 студент бакалавр білім беру бағдарламасын бітіріп, 65 түлек үздік диплом иесі атанды.
Салтанатты іс-шарада университеттің басқарма төрағасы, ректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаева студенттерді құттықтап, дипломдарын табыстады.
— Сіздер төрт жыл бойы ізденіп, еңбектеніп алған дипломдарыңыз өмірлік азық. Тек биіктерден көрініп, көкке самғай беріңіздер! Университеттің мерейін асқақтатып, абыройын көтеретінде Сідер. Біз сіздермен мақтанымыз, – дейді Гүлжан Сүгірбаева.
Бітіруші түлектердің арасында Шымкент қаласы әкімінің гранты бойынша – 111 студент және Түркістан облысы әкімінің гранты бойынша – 221 студент бар. Олар алдағы уақытта жұмыспен толық қамтамасыз етілетін болады.
— ОҚМПУ менің ыстық ұяма айналды. Студенттік шағымда көптеген іс-шараларда белсенділік танып, көзге түсіп жүрдім. Университет өзінің жоғары оқу бағдарламасымен бізді білікті маман етіп шығарды. Алдағы уақытта мектепте тарих пәнінен мұғалім болып, оқушыларға ұстаздардан түйгенімді үйретемін,– дейді «Тарих және педагогика» факультетінің «Тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының» түлегі Бағлан Байдалы.
⠀
Айта кетейік, бакалавр білім беру бағдарламасынан бөлек 224 студент магистратура, 12 студент докторантура бағытында білім алып, оқуын аяқтады. Қайта даярлау курсынан 34 студент өтті.
«Шымкент келбеті»
Please follow and like us: