71
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: