Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

МИРАС, ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

69қаралым

🔷 Бүгінде Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. 🔷 Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % — дан 65 % — ға артатын болады. 🔷 Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады. Жоспар бойынша 2024 жылы 1.КОС-1 2.Рысқұловтан КОС-1ге 3.Забадам КОС-1ге 4. Елтай 5. Жыланбұзған 6. Айнатас 7.Бадам 1-2 8. Шаңырақ 9. Айқап 10. Тұран коллектор 11. Төлеметов коллектор 12. Нұртас шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Please follow and like us: