Әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №30 бағыттағы қоғамдық көлігі 12 жаңа автобуспен жаңартылды. “King long” маркалы сыйымдылығы орта автобус бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған. Айта кетейік, ертеңнен бастап аталған бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі.
№ 30 автобус маршруты Сайрам т/а тұрғындарына 10 кестемен қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды.
Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.