93
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған «Лада Приора» маркалы көлікті байқап, тоқтатады.
Көлік иесінің құжаттары мен көлікті тексеру кезінде аталған автокөліктің ішінен 20-дана психотроптық «Трамадол» дәрісін табады.
Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 296- бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Please follow and like us: