Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

60қаралым

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.

Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікір алмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке жоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті.

— Бүгінгі таңда Шымкент қаласы өнеркәсіп пен сауданың, мәдениет пен өркениеттің қаласы болып саналады. Мінеки, Астана күні мерекесі қарасаңында қала аумағында бірнеше жаңа инвестициялық өндірістік жобалар іске қосылды. Қаламыздағы өнеркәсіп кәсіпорындары «Бизнестің жол картасы-2025» және экономиканың басым салаларын дамытудағы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуда. Еліміздің мұндай жетістіктерге жетуі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы, — деді қала әкімі.

Онлайн-жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Елорда күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.

Фото: Б. Сейітжаппар

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Please follow and like us: