86
№2 Шымкент қалалық ауруханасының дәрігері Асхат Жақыбаев асфексияның салдарынан клиникалық өлім жағдайына жеткен сәбиді аман алып қалды. Анасының айтуынша нәрестесі еміп жатып омырау сүтіне тұншығып қалған. Ана сүті өкпесіне түскен бала шашалып, тыныс алуы тоқтаған.
Жүрегі соқпай қалғанын байқаған жас ана клиникалық өлімде жатқан нәрестесіне көмек қолын созуды өтініп дереу жансақтау бөлімшесіне жеткен. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог шұғыл түрде ауыз қуысын санациялап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасау арқылы өкпесін интубациялық түтікшемен жасанды тыныс алу апаратына қосқан. Реанимациялық көмекті сәтті көрсеткен 18 жылдық тәжірибесі бар маманның шұғыл көмегінің нәтижесінде санаулы минуттар ішінде тыныс алу жолдары қалпына келіп, сәбидің жүрегі соға бастаған.
Үш күн ауруханада дәрігерлердің бақылауында болған бала үйіне шығарылды, жағдайы жақсы.
Please follow and like us: