Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ӘПЕРЕМІН ДЕП ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛДАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

137қаралым

Созақ аудандық полиция бөліміне 3 бірдей жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің екеуі «жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген әйелге алданғанын айтса, үшіншісі «жұмысқа тұрғызып беремін» деген жалған уәдеге иланып қалған.
Содан арызданушылар алаяққа сұраған ақшасын берген. Яғни бұл 3 жәбірленушіге алаяқ 1 миллион теңге шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Созақтық тәжірибелі тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іздеуге кірісті. Кінәліні анықтауда жан-жақты тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тұрғындарды алдаған күдіктінің жеке басы анықталды. Бұл күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны өзінің сотты болып, шартты түрде жазасын өтеп жүргеніне қарамастан қайта қылмыс жасаған болып шықты.
Қазіргі таңда оған қатысты «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті әйел қамауда.

Please follow and like us: