Яндекс.Метрика
Заң және қоғам

АЯЛДАМА АТАУЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ХАБАРЛАНУ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

691қаралым

Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын №35 бағыттағы қоғамдық көліктерге аялдама атауларын электронды түрде хабарлау жүйесі енгізілгеніне біраз уақыт болды. Бұл жолаушылардың көңілінен шығып, алғыстарын білдірді.
Енді келесі кезекте дыбыстық жүйені №74, №12, №84 және №27 бағыттардағы автобустарға орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жуырда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары қаладағы 700 аялдаманың атауларын жүйелендіру мақсатында талдау жұмыстарын жүргізді. Қазақ тіліндегі атаулардың арнайы кітапшалары жүргізушілер мен кондукторларға таратылды. Енді басқарма басшылығы тасымалдаушы компаниялардан қаладағы аялдама атауларын қазақша хабарлау талап етіліп отыр.

Шымкентте күн сайын мегаполисте 900-ге жуық автобус 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайды. 10 көлік компаниясы қызмет көрсетуде.

Please follow and like us: