345
Көлік инфрақұрылымын дамыту қаланың экономикалық ілгерілеуі мен тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне ықпал етеді. Осы орайда Шымкентте 2022 жылы жол саласында 287,8 шақырым жол жөндеуден өтті. Ал, биыл 140,6 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Жалпы, көлік инфрақұрылымында құрлыстың бірнеше түрі бар. Олар – ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, орташа жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстары.
Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, өткен жылы Шымкентте 41 мың шақырым жолға ағымдағы жөндеу жүргізілген.
Жұмыс барысында жолдардың шұңқыры жамалып, бүлінген тротуарлар ретке келтірілген.
Көліктік әлеуетті арттыру мақсатында 2022 жылы 256,3 шақырымды құрайтын 294 көше орташа жөндеуден өткен. Соның ішінде 9-ы магистралды жол.
Олар – Республика даңғылы, Т.Рысқұлов, Ғ.Иляев, Ж.Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Мангелдин және К.Тоқаев көшелері. Ал, 2023 жылы 201,7 шақырым болған 253 көшеге орташа жөндеу жұмысы жоспарланып отыр.
Өткен жылы 3 жоба негізінде Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарындағы 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалған.
Биылғы жоспар бойынша Қошқар ата өзенінен өтетін 2 көпір мен Бадам өзені арқылы өтетін Интернациональный көшесіндегі көпір күрделі жөнделеді.
Қалада 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, сапалы жолмен қамту көрсеткіші 67 пайызғы жетіп еді. Енді биыл бұл меже 71,2 пайызға жетпек.
«Шымкент келбеті»
Please follow and like us: