Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫС СҮРІЛДІ

611қаралым
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 4 шілдедегі №5265-22-00-2/1160-іс шешімімен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының жеке кәсіпкер А. Абай ауданы, Чапаев өткелі 4/1 жер телемінде орналасқан ені 9,5 метр ұзындығы 5,5 метр құрайтын нысанын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұздыру туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі негізінде ағымдағы жылдың қаңтарында заңсыз құрылыс мәжбүрлеп бұзылды.
Мұндай келеңсіз жайларды болдырмау үшін қала тұрғындарына құрылыс жүргізілуге қойылатын негізгі талаптарды сақтауға шақырамыз.
Тапсырыс беруші құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындауы қажет:
-объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу.
— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
-эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
-жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу.
-мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
-мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау.
Please follow and like us: