Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЖЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ БЕРІЛМЕЙДІ

596қаралым
Шымкент қаласының прокуратурасы мен Шымкент қаласы әкімдігі жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жаңа жобаны іске асыруға кірісті.
Жоба құқық қорғау және жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде талқыланды.
Жиында жерді өз бетінше иелену деректеріне қатысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдын алу жолдары талқыланды.
Осыған дейін жоба менеджментінің Жарғысы, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тобы құрылған болатын.
Бірлескен іс-шарада қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемелер арасында жер учаскелерін өз бетінше иеленген тұлғаларға су, газ және электр энергиясын беруге тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: