69
Коммуналды тұрғын үй қорынан берілген үйлерді жекешелендіру қызметі «Электронды үкіметтің» www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Тиісті құжаттар да осы порталда қабылданады.
Ол үшін қызмет алушы құжаттарын порталда электронды-цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦП) бекітіп, электронды түрде тапсырады.
Жалпы, 2022 жылы 283 азаматтан мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған үйлерін жекешелендіруге өтінім түсіп, тиісті қызмет көрсетілді. Оның ішінде 207 азамат баспана құнының қалған сомасын төлеп жекешелендірді, бюджетке 727,2 млн теңге қаржы түсті. Ал 65 азаматтың пәтері меншіктеріне құны өтеусіз беріліп, 11 азаматтың пәтерін жекешелендіруден бас тартылды. 20 азаматтың құжаты биыл қаралуда.
Please follow and like us: