Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЕМДЕУ ШАРАСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

75қаралым

Шымкентте №11 қалалық емханаға қарасты 4 елдімекен бар. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қазір Қазығұрт шағынауданында — 6 төсек-орын, Сәуле шағынауданында — 4, Ақжарда — 3, Ақтаста — 2 орындық стационар ашылды. Барлығы -15 төсек-орын күндізгі стационар жұмыс істеуде.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарлы ауруханаға жататын аурулар және кеңестер уақытша тоқтатылып, дәрігерлер пневмония және ЖРВИ мен ауырғандарға ем-дом шараларын жүргізуде.

Қосымша мобильді топ құрылды. Олардың құрамында хирург, терапевт, травматолог, неврапотолог, ЖТД, педиатр және медбикелер бар.

Үш автокөлік және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған мамандар үйге шақырту және актив жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазығұрт шағынауданы аумағындағы №86 мектепте 300 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Қазіргі таңда онда 25 науқас ем қабылдауда.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

 

Please follow and like us: