1.9k
Шымкент қаласының аумағындағы өзен жағалаулары мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.
Естеріңізге салайық, небәрі бір аптада арық-атыздарды, басқа да каналдар мен өзен бойларын тазартуда 200 тонна қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырамыз!
Please follow and like us: