Жастар ресурстық орталығының «Жайдарман» дарынды жастар арасында қалалық ½ жартылай финал ойыны өтті.
Жалпы «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу.
Олардың ең басты ерекшеліктері — әр қойылымда өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде. Шығармашыл жастар сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды. Қойылымдардағы мәтін мазмұндарында кездесетін әзіл-ысқақтардың астарлы ойы қоғамымызда белең алып жатқан сан алуан кемшіліктерді жеткізуге құрылады. Ашығын айтқанда, жайдарманшылардың әсіресе жастар арасында өзіндік орыны бар. Жастарды өз істеріне жауапкершілікпен қарауға, тәртіптері мен мінез-құлықтарын бақылап, қоғамдық ортада дұрыс жүруге бейімдейді. Сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке, дұрыс сөйлеу мәнерін үйренулеріне ықпал етеді. Ал жастар өз кезегінде олардың өнерлеріне қызғушылық танытады.
Бүгін қаламыздағы оқу орындары арасында өткен «Жайдарман» ойындарының ½ финалдық кезеңінде 12 команда жарысқа түсіп, нәтижесінде финалдық ойында 6 команда өнер көрсететін болады.
1.9k
Please follow and like us: