Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ПОЛИЦЕЙЛЕР КСРО КЕЗІНДЕГІ ЕСКІ ТӨЛҚҰЖАТПЕН ЖҮРГЕН 62 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМҒА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЕКЕ КУӘЛІК ДАЙЫНДАП БЕРДІ

97қаралым

Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеп берді. Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүрген. Ол зейнеткерлікке шығу үшін көмек сұрағанын айтты. Сонымен қатар көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаевқа ерекше алғысын білдірді. Ол: «Осы уақытқа дейін өтініш білдіре алмаған едім. Тез арада полиция майоры қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті. Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Please follow and like us: