Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ШЕБЕРХАНАДАН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ

118қаралым

Сарыағаш АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын ұялы телефонының ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, аудан орталығындағы велосипед жөндейтін шеберхана ішінен оның «OPPO 5» маркалы ұялы телефонын белігісіз біреулер алып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Полицейлер ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көздеріне сүйене отырып, орта жастағы күдікті ер адамды анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті ұялы телефонды өзі қолдану мақсатында ұрлағаны белгілі болды. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны, куәсі болсаңыз, онда дереу 102 телефонына хабарласыңыз.

Please follow and like us: