Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

175қаралым

Түркістан облысында алаяқтық қылмысы бойынша өткен жылдың 7 айында 254 жайт тіркелсе, ағымдағы жылы 261 жайт тіркеліп, өсім байқалады. Оның ішінде полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде 141 интернет-алаяқтық дерегі ашылды. Ал орын алған қылмыс түрлерінің ішінде басым көпшілігі өзгенің атынан несие рәсімдеу, жұмысқа тұрғызуы бойынша уәде беру, түрлі мемлекеттік жәрдемақылар шығарып беру, әлеуметтік желі және т.б арқылы жасалуда. Бұл қылмыстың алдын алу бойынша түркістандық полицейлермен атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өз нәтижелерін бергенімен, әлі де алаяқтың арбауына түсіп, барынан айырылып қалғандардың салдарынан қылмыстың өсуі байқалады.

Алаяқтық қылмысын болдырмауда ең тиімді тәсіл, тұрғындарды алаяқтың құрбаны болудан сақтыққа шақыратын кең көлемді құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Мұны ескерген тәртіп сақшылары үнемі тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Мәселен қала, ауданның полицейлерімен алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында ескерту шаралары туралы бейнероликтер дайындалып, күнделікті аймақтық жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде, қала орталықтарында орнатылған жарнамалық баннерлерде көрсетілуде. Азаматтарды күнделікті алаяқтық қылмыстарынан сақ болуға шақырып, тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек 1000 дана жапсырма қағаз ілініп, 3000 дана жаднама таратылды. 5 үлкен баннерлерде алаяқтық қылмысы бойынша ескерту, қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Жалпы учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы жергілікті халықпен тұрақты «Алаяқтың арбауына түспейік», «Пәтер мен жер телімін, сондай-ақ банктерден несие алу тәртібі» тақырыбында кездесіп, сұхбаттар өткізуде.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Please follow and like us: