Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы аудан жастарымен еркін форматта кездесті. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Жастардың көкейлеріндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.
• Бадам өзенінің жанынан салынып жатқан демалыс аймағына «Жастар аллеясын» салу;
• Шалғай орналасқан елд мекендерге көшбасшылық үйірмелерін қалыптастыру;
• Құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша түсіндеріме жұмыстары жүргізіп, арнайы рейдтік жұмыстар ұйымдастыру ;
• Шалғай елді мекендерде жастарға арналған саябақтар ашу сынды ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі — «Қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз.» – деп қорытындылады.