Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН АҚША ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

71қаралым

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйіндегі 50 000 теңге ақшасы мен құны 70 000 теңгелік «Oppo A16» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық істі ашу үшін, қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Яғни жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт түнгі уақытта тұрғындардың сәкі үстінде ұйықтап жатқанын көріп, емін-еркін ашық тұрған есіктен үйге кіреді. Ол оңай олжалы болуды көздеп, ас бөлмеде тұрған сөмкеден ақшаны алып, сәкі үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оны да алып кеткен. Ол бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға түнгі уақыт шамасында есіктерге құлып салып жатуды ескертеді. Оңай жолмен ақша тапқысы келетін ұрылардың құрбаны болмауға шақырады. Мүмкіндігінше, ғимараттар мен дүкендерге, тұрғын үйлерге бейнебақылау орнатуға кеңес береді.

Please follow and like us: