Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 94,4 ПАЙЫЗЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

78қаралым

Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданына келді. Ауданда тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қала басшысы аудандағы инфрақұрылым жұмыстарының барысымен танысты.

 

Онда Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылғанын мәлім етті. Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізіледі екен.

Аудан тұрғындарының ауыз су жүйесімен қамтылмаған 5,6 пайызы, яғни, 8 тұрғын алаптағы жаңа құрылыс учаскелеріне су жүйесін жүргізу бойынша жобалық сметалық құжат әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Конструктор-80» ЖШС-і болып табылады. Тиісті құжаттар әзір болғанда аталған сегіз елді мекенге су кіргізу үшін қаржы бөлуге өтінім беріледі. Бұл жұмыстар келер жылдың еншісінде.

2022-2023 жылдары Қарабастау, Жұлдыз, Бадам, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас-1 тұрғын алаптарының жаңақұрылыс бөлігіндегі тұрғындарға сапалы су жеткізіледі деп жоспарлануда.

Please follow and like us: