Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселеФото галерея

ТАСҚЫН ЖАРМҰҚАМЕТТІҢ «ДОМАЛАҚ АНА» ОПЕРАСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ КӨРЕРМЕННІҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

372қаралым

Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны Нұр-Сұлтан қаласының көрермендеріне тарту етті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туған, Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз аналарымыздың ішінде қасиетті Домалақ ана туралы оқиға тарихи шындығының молдығымен дараланып тұратын шығармалардың бірі екендігі сөзсіз. Қазақ халқынның өзіне тән қасиетті ана бейнесі «Домалақ ана» операсында тереңдікпен жеткізілген.


Шымкент опера және балет тератрының Тәуелсіздік жылдарындағы тарихында бірінші рет ең ауқымды, алғашқысы «Домалақ ана» операсы.
Жаңа операны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды. Операда жалпы саны 150-ден астам әртіс рөл сомдайды.

Идея авторы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқауладың лауреаты, Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қоюшы-режиссер – Михаил Панджавидзе, қоюшы-дирижер – Мәди Өмірзақов, қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев, костюм бойынша суретші – Сабира Даулеталиева, қоюшы-балетмейстер – Абдурасул Есекеев, Рита Хайрушева; қоюшы-хормейстер – Бағлан Алтаев, көркемдік жетекші – Мадихан Дуисеев.

Шымкент қалалық опера және балет театрының алғашқы гастролдік сапары Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары әкімдіктерінің тарапынан қолдау тапты.

«Домалақ ана» операсы бүгін екінші күн Астана опера сахнасында қойылады. Қазақстанның өзге қалаларындағы көрермендерге tengrinews.kz/tv сайтынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Please follow and like us: