Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕГІ МОЛ

92қаралым

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру секторы ашылған болатын. Сектордың міндеттері әлеуметтік қызметтер порталын қолдануда көмек беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу, психологтың көмегі және т.б. қызметтер кіреді. Қысқаша уақыт аралығында жалпы 2 274 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсетілді. Оның ішінде, санаторлық — курорттық емделуге жолдама алуға өтініш тастағандар саны 1300-ден астам. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті мүгедек азаматтардың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамту мәселелері де жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламамен танысып жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Толқынай Нұрлыханқызы. 22 жастағы Толқынай 1 — топ мүгедегі. Ол ағымдағы жылы Политехникалық колледжінің «Жүйелік әкімші» мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң «Тen qogam» секторына келіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы бойынша кеңес алуға келген. Кейіннен мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс ұсынған соң, нәтижесінде 2021 жылдың тамыз айында Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет» орталығы КММ-не өз мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

Айта кетерлігі, ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен әлеумет егов кз арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қызметтер порталының ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтар оларға қажетті оңалту құралдар мен қызметтерін сапалы және делдалсыз еркін таңдауға және 15 күнде үйге жеткізуге толық мүкіндік алады. Егер азаматтар техникалық оңалту құралының қымбат түрін таңдаған жағдайда, үстіндегі ақшасын өзі төлеп алуына болады.

Please follow and like us: