Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғамҚоғам

«Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу» акциясының бірінші күнінде қанша қару алынды?

141қаралым
Өздеріңізге хабарланғандай, еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аталмыш акция онлайн-форматта бастау алды.
Акцияның алғашқы күнінің өзінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар тіркелмеген 31 қару тапсырған. Оның ішінде 29-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, біреуі ойық ұңғылы, тағы біреуі шолақ мылтық.
Мәселен Сайрам ауданының тұрғыны өзінің атасынан қалған 2 бірдей 12 және 16 калибрлі аңшы қаруларын өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.
ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Биылғы жылы іс-шара онлайн режимге ауыстырылса да, тұрғындардан белсенділігі байқалады. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе «102» нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады»-деп атап өтті.
Please follow and like us: